«Барселона» ешқайда сатпайтын футболшыларын атады
Каталониялық «Барселонаның» президенті Жозеп Бартомеу ешқандай клубқа сатпайтын футболшыларын атады.
– Месси – тарихтағы үздік ойыншы. Дегенмен ешқайда сатпайтын басқа да жас футболшыларымыз көп. Тер Стеген, Лангле, де Йонг, Семеду, Дембеле, Гризманн. Біз бұл футболшыларға сенім артып отырмыз. Олардың «Барсаға» ұзақ ойнағанын қалаймыз.
Тер Стеген жаңа келісімшартқа отырады. Ол таңғажайып қақпашы.
Коутиньо да командада қалуы мүмкін. Егер бас бапкер Филиппе командаға қажет десе оны алып қаламыз, – деді Бартомеу.
Ал қалған ойыншылар бойынша каталониялық клуб басқа командалардың ұсынысын қарауға дайын. Басылымның мәліметінше, клубтан жақын арада Иван Ракитич, Нету және Артуро Видаль кетпек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или