Владимир Никитенко: Үш ұпай алуды жоспарлаған едік

Владимир Никитенко: Үш ұпай алуды жоспарлаған едік

"Тараздың" бас бапкері "Қызылжармен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

- Владимир, ойынға қандай баға бересіз?

- Біріншілік үзілістен кейін қайта жалғасып отыр. Ол аралықта жоғары деңгейде дайындық матчтарын ұйымдастыру жеткіліксіз болды. Бұл ойын өрнегіне айтарлықтай әсер етті. Дегенмен қарсыластың айып алаңына өтіп кетіп жатқан сәттер болды, бірақ шабуыл нүктесін нәтижелі соққымен аяқтау үшін тиісті әрекеттер жасалмады. Жемісті ойын болады деп күтіп едік. Бізде біраз басымдық болды. Алайда мүмкіндіктерді жүзеге асыру бойынша жұмыс жасау керек.

- Нәтиже көңілден шыға ма?

- Үш ұпай алуды жоспарлаған едік, екі ұпайдан айырылып қалдық деп есептеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или