ҚФФ президенті еурокубоктарға қатысатын командаларға сәттілік тіледі

ҚФФ президенті еурокубоктарға қатысатын командаларға сәттілік тіледі

Қазақстан футбол федерациясының президенті Еурокубок ойындарына қатысатын командаларға үндеу жасады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қайрат», «Ордабасы» және «Қайсар» футбол клубтары қазақстандық футбол жанкүйерлеріне қуаныш сыйлайды деп үміттенемін.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының қарсыластары оңай деп айтуға болмайды.

Біздің футболшылар жеңіс үшін бар күш-жігерін салады деп үміттенемін. Еуропа Лигасында алғашқы ойынын өткізетін қызылордалық «Қайсардың» орны бөлек. Қызылорда футболшылары халықаралық аренаның ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізуде.

Барша қазақстандық футбол клубтарына жақсы ойын мен оң нәтиже тілеймін!»

Айта кетерлігі, "Астана" футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында "Динамо-Брест" (Беларусь) командасымен кездесіп, 6:3 есебімен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или