«Барселонаның» тізгініне Рональд Куман келеді
Нидерланды құрамасының бас бапкері Рональд Куман «Барселонаның» тізгінін ұстайды.
Каталондық клуб 57 жастағы жаттықтырушы бүгін, 18 тамыз күні таныстырады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды. Қос тарап 2 жылға келісімшартқа отырады деп күтілуде.
Рональд Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланды құрамасының тізгінін ұстап, Еуро-2020 турниріне құраманы алып шықты.
Айта кетейік, бүгін белгілі болғандай «Барселона» бас бапкер Кике Сетьенді қызметінен босатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или