Это’О: Месси «Барсадан» кететін болса, клубтың атын өзгертуге тура келеді
«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Самюэль Это’О каталондық команданы Лионель Мессисіз елестете алмайтынын айтты.
– Егер Месси кететін болса, клубтың атын өзгертуге тура келеді. Месси мансабын «Барселонада» аяқтау үшін аянып қалмау қажет.
«Барселона» – бұл Месси. «Барса» есін жиып, келесі маусымды сәтті өткізуді ойласа екен деген тілегім бар. Басшылық клубтың бағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деген сенімдемін, – деді Это’О.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или