Ресми: «Барселона» басшылығы Кике Сетьенді қызметінен босатты

Ресми: «Барселона» басшылығы Кике Сетьенді қызметінен босатты

«Барселона» бас бапкер Кике Сетьен қызметінен босатты. Бұл туралы каталондық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Клуб басшылығы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» ойсырай жеңілген соң жаттықтырушыны қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Кике Сетьеннің орнына Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман келеді.

Еске салайық, бұған дейін «Барселона» Лиссабонда өтіп жатқан Чемпиондар лигасының ширек финалында мюнхендік «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңілген болатын. Каталониялық клуб 1946 жылдан бері алғаш рет сегіз гол жіберген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или