Асқар Қожабергенов: «Щеткин мен Мұжықовты қайтарып алғымыз келеді»

Асқар Қожабергенов: «Щеткин мен Мұжықовты қайтарып алғымыз келеді»

«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов талдықорғандық клубпен жаңа келісім-шартқа отырғаннан кейін тілшімізге кішігірім сұхбат берді.

- «Жетісумен» келісім-шарт қанша жылға жоспарланған?

- Келісім-шарт жасалып жатыр, мен әлі қол қойған жоқпын.

- Оқу-жаттығу жиындары қай уақыт аралығында болады?

- Жаңа жылдан кейін. 6-шы қаңтарда Түркияға ұшып сонда үш жиын өткізбекшіміз.

- 6 қаңтардан қай күнге дейін? Олар қай жерде өтеді?

- Алғашқы жиын 6-23 қаңтар арасында Антальяда болады. Кейін тағы екі жиын бар, бірақ олардың нақты уақыты белгісіз.

- Командаға жаңа ойыншыларды қарастырған шығарсыз?

- Әрине, қарадым, қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, жергілікті жас футболшыларды шығармақшымын, олар клубтың негізгі. Екіншіден, басқа командаларда ойнап жүрген өз түлектерімізді қайтарып алуға тырысамыз. Мен Алексей Щеткин мен Серікжан Мұжықов туралы айтып отырмын.

- Келесі маусымда «Жетісуда» нақты ойнамайтын футболшылар бар ма?

- Бұл туралы ешкім хабардар етпеді. Қазір кейбір фамилияларды айту орынсыз. Алайда алдағы маусымда команда құрамы өзгереді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или