«Ақтөбе» Стас Покатиловты сатып алғанын растаған жоқ

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі Стас Покатиловтың ақтөбеліктер сапына ауысқанын растаған жоқ, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандық БАҚ өкілдері ертең 22 жасқа толатын Покатилов Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері сапына ауысқанын хабарлаған болатын. Клубтың баспасөз қызметі«PROСПОРТ» тілшісіне бұл ақпаратты растамайтынын және қақпашының ақтөбелік командаға ауысар-ауыспасы белгісіз екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Стас Покатилов «Шахтерде» 18 матчта алаңға шығып, 27 гол жіберген. Сондай-ақ, қақпашы Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или