Көкейдегі сауал. ҚФФ-ның келесі президенті кім болады?

Осыдан тура жеті жыл бұрын, 2007-де президентіміздің шетелге қашып кеткен күйеу баласы Рахат Әлиевтің орнына Әділбек Жақсыбеков келіп Қазақстан футбол Федерациясын қолға алды. 2011 жылы ол екінші мерзімге сайланды. Енді, мінекей, жаңа футбол басшысы тағайындалатын уақыт та келіп жеткен сияқты...

Ұзын құлақтан естуімізше, 23 желтоқсан күні Астана әкімінің көмекшісі, бұрында кедендік органдарда қызмет істеген Ерлан Кожағапанов (суретте) футбол Федерациясының президенті болып сайланады-мыс.

Саяси сахнада зілдей салмағы бар Әділбек Жақсыбеков ҚФФ-ны хатшы қызметін атқарған Саян Хамитжановпен бірге басқарып келген. Ал Кожағапанов жайында жанкүйерлер, ойыншылар мен бапкерлер де ештеңе білмейтін көрінеді. Айтпақшы ол бұған дейін Дене шынықтыру және спорт Агентсттігінде он ай қызмет істеп үлгеріпті. Сондықтан аз-маз тәжірибесі бар көрінеді спорт саласынан. Егер оның сайланатыны рас боп шықса, футболдан алшақ тағы бір басшы келді деген сөз! Дегенмен, жұмысына сәттілік тілейміз. Себебі ФИФА рейтингісінде 139-шы орында тұрған, не әлемге танымал ойыншысы не инфрақұрылымы жоқ футбол одағын басқару қиямет-қайым қиын жұмыс.

Қазақстан футбол Федерациясын басқарған президенттердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз: Заманбек Нұрқаділов (1994-ші жылдың қарашасына дейін), Тимур Сегізбаев (1994-ші жылдың қарашасы мен 1996-шы жылдың ақпан айына дейін), Кұралбек Ордабаев (1996-шы жылдың ақпан айнына 2000-шы жылдың қыркүйегіне дейін), Рахат Әлиев (2000 жыл. Қыркүйек – 2007 жыл. Тамыз), Әділбек Жақсыбеков (2007-ші жылдың тамызынан бастап).

«Қазақ футболына жаны ашитін басшы керек бізге» деп зар иледі жанкүйер. Неге мұндай тұлға бұйырмады деп сауал қоярсыз. Ондай адам жоқ па не? Әрине бар. Бірақ олар белгілі себептер байланысты «жоғарыға» жақындай алмайды. Лайықты кандидатура деп «Қайрат» футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев айтылып жүр. Өзі ел басының құдасы әрі қазақ футболында беделі бар, қалыптасқан функционер. Алайда ол бір сөзінде ҚФФ-ны басқарғым келмейді деп айтып қалған. «Менің басты мақсатым – «Қайратты» көтеру» деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или