ҚКФЛ «Алматы-Талғар» локациясындағы футбол нысандарын тексерді

ҚКФЛ «Алматы-Талғар» локациясындағы футбол нысандарын тексерді

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев футболдан Қазақстан Чемпионаты өтетін «Алматы-Талғар» локасиясындағы футбол нысындарын тексерді, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.

Шара барысында футбол ойындары өтетін стадиондардың санитарлық-эпидемиялық талаптарға сейкестігі анықталды. Сонымен қатар отандық клубтардың жарыс уақытында тұратын Алматы қаласындағы бірнеше қонақ үйлер карантин талаптарының сақталуына тексерілді.  

Тексеріс нәтижесінде стадиондар мен аталған қонақ үйлердің санитарлық ережеге түпкілікті сәйкестігі ерекше аталды. Инспекция мүшелері қазіргі уақытта мемлеттік органдармен келіселген Санитарлық протоколдың талаптарын қатаң түрде орындау маңызды екенін айта кетті.

Қорытындылай келе, таңдалған ареналар футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын 18 тамыздан бастап жалғастыруға дайын.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/472_8b99cac28d7751a21827eeaba1c24ef8.webp" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или