русский язык
Әлем футболы

«Барселона» команда құрамын тазартуды жоспарлап отыр

«Барселона» команда құрамын тазартуды жоспарлап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Mundo Deportivo хабарлауынша, Барселона Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» ойсырай (2:8) ұтылғаннан кейін құрамды кең көлемде тазартуды жоспарлап отыр.

Клуб тек Лионель Месси, Френки де Йонг және Марк-Андре тер Штеген, сонымен қатар команданың жас ойыншылары Ансу Фати мен Рик Пучті міндетті түрде сақтап қалуды көздейді.

Каталониялық кету мүмкін футболшылар қатарында - Луис Суарес, Антуан Гризманн, Жорди Альба, Иван Ракитич, Серхи Роберто, Артуро Видаль және Нельсон Семеду бар. Сондай-ақ, соңғы кезде көп жарақаттанып жүрген қос француз Усман Дембеле мен Самуэль Умтити үшін де клуб есігі кез-келген уақытта ашық.

Бұған дейін «Барселона» Маурисио Почеттиноға келісімшарт ұсынғаны туралы хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;