«Атырау» беларусьтік ойыншымен келісімшартқа отырды

«Атырау» беларусьтік ойыншымен келісімшартқа отырды

«Атырау» футбол клубы беларусь қорғаушысы Денис Образовпен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Образов мансабын Минскінің «Динамо» клубында бастаған. Кейін ол «Полоцк», «Днепр», «Нафтан» командаларында негізгі құрамда өнер көрсетті. Ал оның соңғы командасы «Слуцк» болды, аталған клуб сапында төрт маусым доп тепті. 

32 жастағы футболшы 2011/12 жылғы маусымда Беларусь кубогының жеңімпазы болды және Еурокубоктарға қатысты. Сонымен қатар Беларусь жастар құрамасында ойнаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или