Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» мен «Лион» кездеседі
Бүгін, 15 тамыздан 16-на қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалының соңғы матчы өтеді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz сайты.
УЕФА коронавирустың қаупін төмендету үшін Чемпиондар лигасының матчтарын Португалияда өткізуге шешім қабылдаған.
Жартылай финалға берілетін кезекті жолдаманы ағылшынның «Манчестер Ситиі» мен Францияның «Лионы» сарапқа салады.
<span>Кездесуді QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч </span>Нұр-Сұлтан уақытымен 1:00-де басталады.
Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді. Барлық ойындар Лиссабонда өтеді.
1/4 финалдық кездесулердің нәтижесі және өтетін уақыты:
12 Тамыз
«Аталанта» – «ПСЖ» -<span> </span>1:2
13 тамыз
«РБ Лейпциг» – «Атлетико» -<span> </span>2:1
14 тамыз
«Барселона» – «Бавария» 2:8