«Динамо» мен «Астана» арасындағы матчқа виртуалды жанкүйерлер қатыса алады
УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өтетін «Динамо» мен «Астана» арасындағы матчқа виртуалды жанкүйерлер қатыса алады.
Беларусьтік команда жанкүйерлеріне 20 беларусь рублі (3 408 теңге) төлеп, матчта виртуалды түрде қатысуды ұсынды. Ақша төлеген әрбір жанкүйердің бейнесі салынған манекендер трибунаға орналастырылады.
«Динамо» – «Астана» кездесуі 18 тамыздан 19-на қараған түні Беларусьтің Брест қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.
Егер «Астана» екінші кезеңге өтсе «Коннас-Ки» (Уэльс) / «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Екінші іріктеу кезең 25-26 тамыз күндері өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или