«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты

«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты

«Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Виллиан мансабын «Арсеналда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Арсеналдың» ресми сайты хабарлады.

Бразилиялық футболшы «Арсеналға» еркін агент ретінде ауысты. Келісімшарт 3 жылға жасалды, жылына 6 миллион фунт стерлинг көлемінде жалақы алады. 

Айта кетейік, Виллиан «Челси» сапында 7 жыл бойы өнер көрсетті. 2019/20 жылғы маусымда 47 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 9 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или