Любомир Михалик: «Қайраттағы» әрбір ойын, ұпай, гол, - бәрі бәрі есте қалады»

Жуырда ғана «Қайрат» футбол клубынан кеткен словакиялық тәжірибелі қорғаушы Любимор Михалик «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында ел біріншілігі жайлы және отандық төрешілердің жұмысына наразы екенін білдірді.

«Қайраттан» кетуы жайлы

«Қайраттан» кетуімнің басты себебі – команда басшылығының жас ойыншыларға үміт артуы. Сондай-ақ, клуб қазақстандық футболшылардың көп болғанын қалайды. Өзімді жаспын деп айта алмаймын және пасспорттым өзге елдікі. Командаластарымды сағынатын болдым. Бірақ, осымен өмір тоқтап қалмайды. Алға жылжу керек.

Жаңа командасы туралы

Алматылық командадан кеткенім енді ғана. Сондықтан ешкіммен трансфер жайлы сөйлескен жоқпын. Бірақ ұсыныстар бар екенін жасырмаймын. Асығудың қажеті жоқ деп санаймын, өзіме қолайлы команданы таңдармын.

«Қайрат» сапындағы естен кетпес сәттер туралы

«Қайрат» сапында жүргендегі ең ұмытылмас сәт – сәбиімнің дүниеге келуі. Ал ойын жағынан қарасақ, ол – Қазақстан кубогындағы жеңісіміз. «Қайраттағы» әрбір ойын, ұпай, гол, - бәрі бәрі есте қалады. Жанкүйерлерді де ерекше атап өткім келеді.

Есте қалған жаман сәттер хақында

Еске алғым келмейтін сәттер жетеді. Мені Қазақстандағы төрелік таң қалдыратын. Олар белгілі бір шешім қабылдағанда қандай түсінікке сүйенетінін ұқпай дал болдым.

Достары туралы

Командадағы барлық әріптестермен доспын. Тіпті кеңседегі қызметкерлермен тіл табысып кеттім. Мені жылы қарсы алғандарына көп рахмет айтамын. Барлығына алғысымды білдіремін. Ең жақын досым – Момо Сисей. Ол – жақсы жігіт, өмір бойы жолдас болып қаламыз деген ойдамын.

«Қайрат» жайлы

«Қайрат» – жыл сайын дамып келе жатқан, үлкен клуб. Қайрат Боранбаев пен Мәлік Кушәлиевтің арқасында «Қайрат» беделді командаға айналып, болашақта ел чемпионатын ұтады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или