Криштиану Роналду «Барселонаға» ауыса ма
Беделді журналист және инсайдер Гильем Балаге «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатып алу «Барселонаға» да ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Португалиялықтың агенті Жорже Мендеске Роналдуға жаңа команда табуға нұсқау берілді. «Ювентус» ондай сомадағы жалақы төлегісі келмейді. Роналду көптеген клубқа оның ішінде «Барселонаға» да ұсынылды. Криштиану жылына 23 миллион еуро таза табыс табады. Клуб оған басқа клуб таба алатынына сенімді емеспін. Оған сонша ақшаны кім төлейді?» - деді Балаге BBC эфирінде сөйлеген сөзінде.
Еске салайық, 2018 жылдың жазында «Ювентус» Роналдуды «Реалдан» 117 миллион еуроға сатып алып, онымен 2021/22 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырған.
Португалиялық шабуылшы туриндік клуб сапында 89 матч өткізіп, 65 гол соққан және 18 нәтижелі пасы тағы бар.