Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері австриялық клубты жаттықтырады

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері австриялық клубты жаттықтырады

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк екі жылдық үзілістен кейін жаңа жұмыс тапты, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік маман енді Австрияның «Хорн» командасын жаттықтырады. 

«Хорн» Австрияның екінші Бундеслигасында бақ сынайды. Өткен маусымда 16 команданың арасында 13-орын алған.

Айта кетейік, 56 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Қазақстан құрамасы болды. Ол 2017 жылы ақпан айында біздің елдің бас командасының тізгінін ұстаған. Құрама нашар өнер көрсеткендіктен, 2018 жылдың қаңтар айында қызметінен қуылған болатын. 

<rect x="0" y="0" width="640" height="360" fill="none" />" alt="" />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или