Бундеслига матчтары қазан айына дейін көрерменсіз өтеді

Бундеслига матчтары қазан айына дейін көрерменсіз өтеді

Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан коронавирус пандемиясына байланысты көрерменнің әлі де стадионға орала алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Bild басылымы мәлім етті.

Дереккөздің хабарлауынша, жанкүйерлер Бундеслига матчтарына кем дегенде 2020 жылдың 31 қазанына дейін қатыса алмайды.

«Біз қырағы болуымыз керек. Мыңдаған көрерменді стадионға қайтару жаман белгі болар еді. Тәуекелге барудың қажеті жоқ. Ережелерді сақтау - пандемияны жеңудің маңызды факторы», - деп жазды Шпан Twitter желісіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или