«Реал» ойыншысы «Вильярреал» сапында өнер көрсетеді
«Вильярреал» футбол клубы «Реал Мадридтің» жас жартылай қорғаушысы Такэфуса Кубоны жалға алды, деп жазады Prosports.kz.
Жапониялық ойыншыны енді «Вильярреал» сапында 2020/21 жылғы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді. Жалға алу сомасы шамамен 2-3 млн еуро.
Айта кетейік, 19 жастағы ойыншы өткен маусымда «Мальоркаға» жалға берілген. Аталған клуб сапында ол 36 ойынға қатысып, төрт гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или