Месси «Наполимен» болған ойыннан кейін төрешінің қолын алмады

Месси «Наполимен» болған ойыннан кейін төрешінің қолын алмады

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы 1/8 финалында «Наполимен» болған ойын (3:1) аяқталғаннан кейін, төреші Джунейт Чакирмен қол алыспады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Daily Mail б</span>асылымның мәліметінше, соңғы ысқырықтан кейін Месси Наполи ойыншыларымен қол алысып, содан кейін Чакырға жақындап, «жоқ» деген.

Еске сала кетелік, матч барысында Чакыр даулы жағдайда Мессидің голын есептемей тастады.

Осы маусымда 33 жастағы Месси барлық жарыста 43 матч өткізіп, 31 гол соқты және 27 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или