Роналду Андреа Пирлоның туриндік клубтың жаңа бас бапкері болғанын қуана құптады
«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Андреа Пирлоның туриндік клубының жаңа бас бапкері болғанын қуана құптады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, Роналду бұған дейін осындай атақты ойыншының тағайындалуына шын қуанған. Португалиялық «Ювентус» басшылығының шешімін мақұлдаған ойыншылардың бірі болды.
Еске сала кетелік, 41 жастағы Пирло туриндік клубтың бапкері Маурисио Сарридің орнына келді. Сарри командасы Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін қызметтен кетті. Туриндіктер франциялық «Лионнан» басым түсе алмады (0: 1, 2: 1).
Өткен маусымда 35 жастағы Роналду «Ювентуспен» Италия чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или