Ұлттар лигасының пішімі бекітілді

УЕФА-ның атқарушы комитеті Ньонде өткен отырыста УЕФА Ұлттар лигасының пішімі мен күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты мәлім етті. Жаңа турнир 2018 жылдан бастау алады. Ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық кездесулердің басым көпшілігін осы жаңа жоба ауыстырмақ. Сайыс қорытындысы бойынша командалар дивизиондарға көтеріліп немесе төмендейтін болады. Жеңімпаз әр тақ сандарға келетін жылдарда анықталады. Ұлттар лигасы төрт дивизионнан тұрады, оның әр қайсысы үш немесе төрт командадан құралған төрт топқа бөлінеді. Сондай-ақ, осы турнир арқылы Еуро-2020-ға жолдама алуға мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан алғашқы турнирде Грузия, Молдавия, Әзірбайжан, Люксембург және Кипрмен бір топта өнер көрсетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или