Чемпиондар лигасы: «Астана» бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді
Бүгін, 9 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 2020/21 бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» командасы беларусьтік «Динамо» командасымен кездеседі. Матч аталмыш команда өнер көрсететін Брест қаласында 18 тамыз күні өтеді. Келесі кезеңнің жолдамасы бір матч өткізу арқылы ғана шешіледі.
Айта кетейік, өткен маусымда да «Астана» еурокубоктағы жолын Чемпиондар лигасынан бастап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или