Андреа Пирло «Ювентустың» бас бапкері бола ала ма

Андреа Пирло «Ювентустың» бас бапкері бола ала ма

Sky Sport Italia Андреа Пирло «Ювентустың» бас бапкері болуы мүмкін екенін жазды. Бұған дейін ол Туриндік клубтың жастар командасын баптаған, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 тамызда «Ювентус» Маурисио Сарридің жұмыстан кететінін жариялады. «Кәрі синьора»  Чемпиондар лигасындағы жолын аяқтады. А сериясының үздік клубы 1/8 финалда «Лионнан» ұтылып қалды – (0:1,2: 1). Итальяндық маман Туриннің бас клубында бір маусым жұмыс істеді.

Ал Пирло «Ювентус» сапында 2011 жылдан 2015 жылға дейін ойнаған. Команда сапында Италияның төрт дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ ол екі рет ел Суперкубогын, бір рет Италия кубогын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или