Ресми: «Ювентус» Сарриді жұмыстан босатты

Ресми: «Ювентус» Сарриді жұмыстан босатты

Туриндік «Ювентус» команданың бас бапкері Маурисио Сарридің орнынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі экс-бапкерге қатарынан тоғызыншы чемпионатқа қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Еске салайық, «қарт синьора» Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Сарри шәкірттері «Лионмен» болған екі ойын қорытындысы бойынша қарсыласқа есе жіберіп қойған еді (0: 1; 2: 1) .

61 жастағы Сарри «Ювентусты» өткен жаздан бері басқарып келеді. Жалпы оның келісімшарты тағы екі маусымға созылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или