Ресми: «Астанаға» чехиялық футболшы қосылды
Ел чемпионы «Астана» командасының сапына чехиялық қорғаушы Урош Радакович қосылды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Чехияның «Спарта» клубы ресми сайтында ойыншысының «Астанаға» ауысқанын хабарлады. Тәжірибелі қорғаушы қазақстандық командаға 1 жылға жалға берілген.
Transfermarkt.de басылымы 26 жастағы футболшының нарықтағы құнын 1 миллион еуроға бағалаған. Ол мансабында Сербияның «Пролетер», Италияның «Болонья» мен «Новару», Чехияның «Сигма» мен «Спарта» және Ресейдің «Оренбург» командалары сапында доп тепкен.
Биыл «Астана» Чемпиондар лигасында бақ сынайды. Алғашқы іріктеу кезеңі 18 не 19 тамыз күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или