Тағы бір футболшымыз шекара асты

Тағы бір футболшымыз шекара асты

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы, 19 жастағы Арман Кеңесов ресейлік «СКА-Хабаровск» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт үш жылға жасалған. Арман жаңа командада 80-нөмірлі жейде киеді.

Кеңесов - «Ертіс» шәкірті, ол 2019 жылы ҚПЛ-да 12 матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Қазақстан жастар құрамасында Еуро-2021 іріктеу кезеңінде бір ойынға қатысты.

Өткен маусымда «СКА-Хабаровск» Ресей чемпионатының Премьер-Лигадан кейінгі екінші сатысы болып саналатын ФНЛ-да жетінші орын алды.

Еске сала кетейік, жаңа маусымнан бастап қазақстандық ойыншылар Ресейде легионер болып саналмайды.

Фото: «Ертіс» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или