Виллиан «Арсенал» сапына қосылуға жақын
Лондондық «Челсидің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Виллиан осы жазда «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін.
ESPN басылымының мәліметі бойынша, бразилиялық жартылай қорғаушы «Арсенал» командасымен 3 жылдық келісімге келіпті. Бұл келісімшарт бойынша ол аптасына 10 фунт жалақы алады. Виллиан тамыздың соңына дейін жаңа командасына қосылады екен.
Биылғы маусымда ол «Челси» сапында Ағылшын премьер-лигасында 36 кездесуге қатысып, тоғыз гол соғып, тоғыз рет нәтижелі пас берген.
Жартылай қорғаушы «Челси» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұл командамен Виллиан екі рет Англия чемпионатын және бір рет Англия кубогін жеңіп алған.
Негізі «Челси» басшылары Виллианға екі жылдық жаңа келісімшарт ұсынған еді. Бірақ бразилиялық бұл ұсыныстан бас тартыпты.