«Барселона» бразилиялық жас ойыншыны сатып алды
«Барселона» футбол клубы бразилиялық жас шабуылшы Густаво Майяны қатарға қосты, деп жазады Prosports.kz.
19 жастағы ойыншы бұған дейін «Сан-Паулу» клубында өнер көрсеткен. Каталониялық клуб жас ойыншы үшін 4,5 миллион еуроға шығындалды.
Майя енді «Барселона» сапында 2025 жылға дейін өнер көрсетеді. Ол Сегундада бақ сынайтын «Барселона Б» командасында доп тебеді.
Майя 2018 жылы «Сан-Паулу» сапында 36 ойын өткізіп, 30 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или