«Ертістің» бұрынғы ойыншысы «Тобылға» ауысты
Франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро мансабын «Тобыл» футбол клбуында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
- Хавбек кәсіби мансабын 2009 жылы француз «Реймс» сапында бастаған. 2013-да Жереми чемпионатты алмастырып, Болгарияға барады, онда ол Бургас қаласының «Черноморец» клубында доп тепті. Содан кейін софиялық «Славия» үшін ойнайды.

Кипр мен Иран чемпионаттарында қысқа уақыт өткізіп, Манзорро литвалық «Судува» ойыншысы атанды. Мариямполе клубының құрамында ол Литва чемпионатын жеңіп алды. Жереми келесі маусымды «Жальгирис» сапында өткізіп, турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Манзорро өткен жылы Қазақстанға келді. Алдымен жартылай қорғаушы «Ертіс» сапында өнер көрсетіп, осы маусымды «Шахтерде» бастады.

Жалпы алғанда, Жереми Қазақстанда 30 матч өткізіп, жеті гол соғып, тағы алты голдың ассистенті атанды. Футболшымен келісімшарт бір жарым жыл мерзімге жасалды, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Жереми Манзорро

Туған жылы: 11 қараша 1991
Бойы: 173 см
Салмағы: 70 келі
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Франция