Ресей күрес федерациясы Жақсылық Үшкемпіровтың қазасына орай жеделхат жолдады
Ресей күрес федерациясы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтып, жеделхат жолдады деп жазады Olympic.kz.
«Қадірлі Сауат Мұхамбетұлы! Ресей күрес федерациясы мен балуандар қоғамдастығы атынан КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Даңқты балуан әрдайым біздің жүрегімізде. Қайғыларыңызға ортақпыз», - делінген жеделхатта.
Грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызы күні 69 жасында өмірден өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или