UWW басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтты

UWW басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтты

<span>Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айту жеделхатын жолдады.  </span>

<span>ХОК мүшесі әрі UWW президенті көңіл айту жеделхатын Қазақстан күрес федерациясының президенті Сауат Мыңбаевқа жолдаған.  </span>

<span>- Қадірлі президент Сауат Мыңбаев! Грек-рим күресінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің қазасын ауыр қабылдадым. </span>

<span>Біріккен күрес әлемінің барлық мүшелерімен бірге Қазақстан күрес федерациясы мен Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына қайғыра көңіл айтамын, - делінген жеделхатта. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или