Бауыржан Тұрысбек «Тобылға» оралуы мүмкін
Meta-ratings.kz порталының мәліметінше, қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбекке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы шабуылшы жақын арада қарағандылық «Шахтер» сапынан кетеді. «Кеншілер» Тұрысбектің орнына өз түлегі Айдос Тәттібаевпен келісімшартқа отырған.
Айта кетейік, Тұрысбекке «Тобылдан» бөлек «Каспий» мен «Тараз» да қызығып отыр.
Еске салайық, Бауыржан Тұрысбек бұған дейін «Сұңкар» (Қаскелең), «Спартак» (Семей), «Жетісу», «Қайрат», «Тобыл» және сербиялық «Раднички» сапында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или