Вороговский Бельгияның Бірінші лигасында чемпион атанды

Вороговский Бельгияның Бірінші лигасында чемпион атанды

Белгиялық «Беерсхот» сапында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Бельгия Бірінші лигасында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Промоушеннің «Ауд-Хеверле Левенаға» қарсы қарымта матчында Вороговскийдің командасы сырт алаңда 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Қазақстандық қорғаушы алаңға 63 минутта шықты.

«Беерсхот» бірінші матчта 1:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, Янның командасы Бірінші лиганы жеңіп алды. Енді «Беерсхот» та, «Ауд-Хеверле Левена» да келесі маусымда Бельгияның жоғары дивизионында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или