«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Урал» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Дмитрий Парфенов «Астананың» тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клуб бұл бапкерге үлкен қызығушылық танытып, оған ұсыныс жасауға дайындалып жатқан көрінеді.

Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, Парфенов пен «Астана» арасындағы келіссөздер келесі аптада басталады. Бұл бапкерге сонымен қатар ресейлік клубтар да қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Парфенов ФНЛ-ға «ұшып кеткен» қос команда - «Крылья Советов» пен «Оренбургтің» бірін жаттықтырады деген ақпарат тараған.

«Урал» Ресей кубогының жартылай финалында «Химкитен» 1:3 есебімен жеңіліп, Екатеринбургте өткен финалға жолдама ала алмады. Осы сәтсіздіктен кейін Парфенов қызметінен босатылған болатын. Парфенов «Уралды» екі жыл жаттықтырды. Өткен маусымда Ресей кубогының финалына дейін жеткен болатын.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты шілде айының басында тоқтатылған болатын. Маусым 3 тамызда жалғасады деп жоспарланған еді, бірақ Қазақстанда карантин шараларын ұзарту туралы шешім қабылданғандықтан, чемпионаттың қайта басталуы тағы да кейінге шегерілді.

Павлодарда жаңа клуб құрылады

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыластары

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер