«Шахтердің» баспасөз-қызметкері қамауға алынды

«Шахтер» футбол клубын қырсық шалды. Басқаша айтуға да келмейді. Команда басшылығының ойыншылар алдындағы қарызы бір бөлек әңгіме, кеше «Шахтер» атымен байланысты тағы бір шу шықты емес пе... Клубтың баспасөз қызметкері Мансұр Қалиев (суретте) букмекерлік кеңсені тонады деген ақпар тарады!

Қарағанды облысының ІІД-нің хабарлауынша, Бухар-жырау көшесінде екі жігіт букмекерлік кеңсеге кіріп кассир мен күзетшіге тапанша кезеніп ақша талап еткен. Дәл осы сәтте кезекшілікте отырған СОБР сарбаздары ақшамен қашып бара жатқан екі жігіттің біреуін ұстап тергеуге алады. Зәресі ұшқан жігіт қасында болған «Шахтер» ФК пресс-аташесі Мансұр Калиевті әшкерелеп берді. Ақыры ол да қамауға алынып тергеуге түсті.

Команданың баспасөз-қызметі Мансұр Қалиевтің клубта жұмыс істемейтінін айтып құтылды.

- Маусым біте салысымен ол клубтағы қызметтен босатылған, - деді «Шахтер» ФК жаңа баспасөз қызметкері Айнара СЫЗДЫКОВА.

Ал әзірше...

Дүйсенбі күні «Шахтер» футбол клубы ашық сатылымға түсу керек-тұғын. Алайда, командаға қызығушылық танытқан алушылар болмаған соң сатылып іске аспады.

«Время» газетінің ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или