Аслан Дарабаев: «Жетісу» үздік үштікке кіру үшін күресе алады

Аслан Дарабаев: «Жетісу» үздік үштікке кіру үшін күресе алады
news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» ФК жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың ҚПЛ-ды жалғастыруға дайындығы және карьерасындағы мәжбүрлі үзілістің қалай өткені туралы айтып берді.

- Жақын арада қатаң шектеулерді жеңілдетіп, ҚПЛ ойындарын қайта бастауға дайындық жүріп жатыр. Дайындықты қалай бағалайсыз?

- Егер жаттығу жоспарын алсақ, дайындығымды 70-80 пайызға бағалаймын, өйткені жаттығу мен ойын мүлдем өзгеше. Егер ойынға деген көзқарасты бағаласақ, онда 50 пайыз шығар.

- Сіз алты айға жуық уақыт бойы әдеттегі режимнен алшақтадыңыз, бұл спортшының дайындығына айтарлықтай әсер етеді. Өз қалпыңызды қалай сақтадыңыз?

- Біз Талдықорған қаласында карантинде болдық, жүгірумен қалпымызды ұстадық. Алматыда болған кезімде саябақтарда жүгіріп, турниктермен шұғылдандым. Ермек Қуантаевпен жұптасып жүгірдім, кейде жеке жаттықтым. Әрине, үйде де жаттығу жасауға тура келді.

- Көпшілігіміз үшін пандемияға қатысты жағдай құндылықтарды қайта бағалауға түрткі болды. Сізге де септігін тигізді ме?

- Менің ойымша, пандемия бізге ғана емес, әлемге де әсер етті. Ал спортшыны мазалайтыны - денсаулық, себебі ол бірінші орында. Әрине, қалыптасқан оқиғалардың нәтижесінде біз өзіміздің де, туыстарымыздың да денсаулығына мұқият қарауға кірістік. Мен олардың әрқашан сау болғанын қалаймын. Менің ойымша, жақындарымызға көбірек қарайтын болдық.

- Мансабыңызда көптеген клубта, оның ішінде топ-клубтарда ойнадыңыз, бұл деңгейлерді дұрыс бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Қазіргі футбол клубыңыздың деңгейі қандай деп ойлайсыз?

- «Жетісу» футбол клубы жалпы рейтингте төртінші орында тұр деп есептеймін. Төмен емес, бұл сөзсіз. Сонымен қатар, ол чемпионаттың үздік үштігіне кіру үшін бәсекелесе алады.

- Жалпы облыстағы спорт деңгейі туралы не айта аласыз?

- Маған Алматы облысының әкімі өңірдегі барлық бағыт пен салада спортты қолдайтыны ұнайды. Тұрақты қозғалыс бар – белсенділік, турнирлер, қолдау. Бұл тұрғыда маған Алматы облысындағы спортқа деген көзқарас пен көңіл ұнады. Мен әкімнің тіпті өте белсенді спортшы екенін және волейболды жақсы көретінін естідім.

- Сіздің клубыңыз, функционалды жаттығу әдісі негізінде дене жаттығуларымен, жаттығу бағдарламасын әзірледі. Бұл қаншалықты тиімді болды?

- Қалай болғанда да, команда өзін жақсы сезінеді. Барлығын чемпионат көрсетеді, барлығын нәтиже мен турнир кестесі көрсетеді.

- Нәтиже туралы айтсақ. Неліктен «Қайрат» 3-турда «Жетісудан» басым болды? Командалар ойынға әртүрлі физикалық жағдайда келген сияқты.

- 3-тур туралы айтқанда. Менің ойымша, команда тек психологиялық тұрғыдан жеңіліп қалды. Егер физикалық жағдай туралы айтсақ, онда бізде әртүрлі дайындық әдісі бар, сондықтан мен оны бағалай алмаймын және салыстыра алмаймын. Біз жаттықтырушының тапсырмаларын орындаймыз.

- Үш айлық оқшаулану команданың ойынына қатты әсер етті деп ойлайсыз ба?

- Меніңше, жоқ. Біз өз философиямызды ұстанамыз.

- Чемпионатты жалғастыруға қаншалықты дайынмын деп ойлайсыз?

- Менің ойымша, психологиялық және моральдық тұрғыдан бәрі жүдеп кетті, өйткені көптеген адам өз отбасыларын көрмеді. Ұзақ уақыт бойы карантинде бір жерде болу оңай емес. Барлығы өз арнасына - бәсекелестік арнаға және спорттық режимге оралғанда, бәрі жақсы болады. Менің ойымша, бұл тек 3-4 турдан кейін болады. Ал дене шынықтыру дайындығына келетін болсақ, команда қайта оралуға дайын.

- ҚПЛ жалғасқан соң алда қандай мақсаттар болады?

- Әзірше белгісіз. ҚПЛ-дың екінші рет қайта жалғасуы жайлы басшылықпен кездесу әлі болған жоқ. Сондықтан, мақсат пен басымдыққа қандай да бір өзгерістер енгізбедік. Біз маусымның басында чемпионаттың үшінші орны туралы айтқанбыз, мақсатымыз - әлі де сол.

Фото: ФК «Жетісу».

«Жетісудың» жастар командасына бас бапкер тағайындалды

UNDERDOG – «Жетісу» клубының ресми серіктесі

Ресми: Аслан Дарабаев – «Жетісу» клубының ойыншысы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер