Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Әл-Айнмен» келісімшартқа қайта қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kozhakhmet_inside Telegram арнасының хабарлауынша, қазақстандық келісімшартты жаңартылған шарттармен ұзартты. Енді жаңа келісім бойынша, Бауыржан жылына миллион еуродан cәл кем ақша табады. Сонымен бірге футболшы өзінің жеке және команданың белгілі бір жетістіктері арқылы қаржыға ие болады.
Еске сала кетелік, Исламхан БАӘ клубында 2020 жылдан бастап ойнады, алайда коронавирус пандемиясы кесірінен ол бар-жоғы 10 ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или