«Реал» - әлемдегі ең қымбат футбол бренді
Ағылшынның Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат футбол брендтерінің рейтингін жариялады.
Рейтингті өткен жылғыдай мадридтік «Реал» бастап тұр, алайда айта кететін бір жайт, бренд құны 1,846 миллиард доллардан 1,572 миллиардқа дейін құлдыраған. TOP 3 тізіміне «Барселона»(1,565 млрд) пен<span> «</span>Манчестер Юнайтед»<span> </span>(1,456 млрд) клубтары кіріп отыр.
Ең қымбат ТОР 10 футбол брендтері:
1 (1). «Реал» (1,572 млрд доллар)
2 (3). «Барселона» (1,565 млрд)
3 (2). «Манчестер Юнайтед» (1,456 млрд)
4 (6). «Ливерпуль» (1,398 млрд)
5 (5). «Манчестер Сити» (1,245 млрд)
6 (4). «Бавария» (1,169 млрд)
7 (8). ПСЖ (1,071 млрд)
8 (7). «Челси» (1,051 млрд)
9 (10). «Тоттенхэм» (868 млн)
10 (9). «Арсенал» (796 млн).
Айта кету керек, жақшаның ішінде клубтың өткен жылғы орны жазылған.