Пеле Роналдуды Италия чемпионы атануымен құттықтады

Пеле Роналдуды Италия чемпионы атануымен құттықтады

Әлемнің үш дүркін чемпионы Пеле «Ювентус» шабуылшысы Роналдуды Италия чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пеле әлеуметтік желідегі парақшасына туриндік клубтағы өзінің үш отандасын да белгілеп кеткен 

«Криштиану — өз ісіне құлай берілген адамның міндетті түрде жеңіске жететінін дәлелдеп жүрген заманауи атлет. Сондай-ақ мен өзімнің бразилиялық әріптестерім Дуглас Коста, Алекс Сандру и Данилуды құттықтаймын. Олар Италия чемпионы атанып, керемет іс атқарды», — деп жазды Пеле Instagram-дағы парақшасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или