«Реал Мадрид» шабуылшысы коронавирус жұқтырды
26 жастағы испандық шабуылшы Мариано Диасқа COVID-19 диагнозы қойылды.
AS басылымы ойыншының қазіргі уақытта үйде оқшауланғанын жазды. Алайда, футболшымен байланыста болған командадағы әріптестеріне қатысты оқшаулау шаралары қабылданды ма, жоқ па белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, 7 тамызда «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчын «Манчестер Ситиге» қарсы өткізеді (бірінші ойында ағылшындық клуб 2:1 есебімен жеңді).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или