«Қайратта» ойнаған испаниялық ойыншы жаңа клубқа қосылды

«Қайратта» ойнаған испаниялық ойыншы жаңа клубқа қосылды

33 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы Сито Риера Кипрдің AЕЛ клубымен келісімшартқа отырды.

Риера жаңа клубқа бос агент ретінде ауысты. Бұған дейін ол тағы бір кипрлік «Эносис» сапында ойнаған болатын. Өткен маусымда жартылай қорғаушы 19 матч өткізіп, 1 гол соғып, 9 пас берді.

Еске салайық, 2014 жылдан 2016 жылға дейін Сито Риера алматылық «Қайратта» ойнады - 48 матчта 4 гол соғып, 14 нәтижелі пас авторы атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или