«Шахтер» ойыншысы «Оқжетпеске» ауысты
Нигериялық қорғаушы Алию Абубакар мансабын «Оқжетпес» футбол клубында жалғастырады.
24 жастағы ойыншының соңғы өнер көрсеткен командасы - «Шахтер». Ол қарағандылық клубқа биыл қаңтар айында ауысып келіп, бір матчқа қатысты.
Бұған дейін Абубакар «Слуцк» (Беларусь), финлияндиялық «Кеми» және КуПС, грузиялық «Дила Гори», тунисттік «Бизертин», израильдік «Ашдод» және украиналық «Олимп» командаларында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или