Нигериялық қорғаушы «Тобылдан» кетті

Нигериялық қорғаушы «Тобылдан» кетті

Нигериялық қорғаушы Стивен Эзе «Тобыл» футбол клбуынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылған.

- Нигерия ойыншысы қостанайлықтарға маусым алдындағы жиындарда қосылды. Бақылау кездесулерінің бірінде алған жарақатына байланысты Стивен «Тобыл» жейдесінде ресми матч өткізбеді.

Маусым айының соңында Эзе Түркияда ота жасатты, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғастырып жатыр. «Тобыл» футбол клубы Стивенге бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіреді.

Сары-жасылдар ұжымы оған тезірек сауығып кетуін, одан әрі мансабында табыс тілейді, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или