«Алтын допқа» үміткер үш футболшы анықталды

«Алтын допқа» үміткер үш футболшы анықталды

Бүгін ФИФА «Алтын допқа» үміткер үш ойыншының есімін жариялады. Тізімге Лионель Месси, Криштиану Роналду және Мануэль Нойер ілінді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Месси «Барселона» сапында 48 матчқа қатысып, 44 гол соққан. Аргентина құрамасымен  әлем чемпионатының финалына дейін жетті, аталмыш турнирде 4 гол салып, үздік ойыншы атағын алды.

Роналду «Реалдың» жейдесімен 47 кездесуде 50 рет көзге түсіпті. Сондай-ақ, португалиялық ойыншы «корольдік клубтың» Чемпиондар лигасын, Испания Кубогы және Еуропа Суперкубогын жеңіп алуына көмектесті.

«Баварияның» қақпашысы Нойер Германия чемпионы және ел Кубогының иегері атанды. Ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионатында топ жарды.

«Алтын доп» жүлдесі 12 қаңтарда  Цюрихта беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или