Әлем футболы

La Gazzetta dello Sport: Месси Италияға көшуге дайындалып жатыр

La Gazzetta dello Sport: Месси Италияға көшуге дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

La Gazzetta dello Sport басылымы Лионель Мессидің әкесі әрі агенті Хорхе Месси Миланда тұрғын үй іздестіріп жатқанын жазды.

Басылымның мәліметінше, Хорхе Месси тамыз айында Италияға көшіп келмекші. Осыған орай, La Gazzetta dello Sport басылымы Лионель Месси мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін деп топшылап отыр.

Айта кетейік, кейінгі уақытта Лионель Месси «Барселонамен» ара-қатынасы нашарлап кетті. Аргентиналық футболшы командасына ауыстыратыны жайлы сыбыстар да көбейе түскен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер