Дзюба: Роналду мен Месси Ресейде ойнаса, бізден 1-2 гол ғана артық соғар еді
Санкт-Петербургтік «Зенит» шабуылшысы Артём Дзюба әлемнің ең үздік футболшылары Лионель Месси мен Криштиану Роналду РПЛ-ға ауысса, олардың қалай ойнайтындарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Soccernews порталына сілтеме жасап.
«Біздің чемпионатта 17 гол - бұл жетістік. Менің сөзіме сенсеңіздер Криштиану Роналду немесе Месси бізбен көп гол соға алмайды! Бәлкім, жоғары нәтижелі ойыншы болғандықтан19-20 гол соғар. Мен неге бұлай ойлаймын?
Месси Орынборға барып, күндізгі сағат екіде + 40 градус ыстықта жасанды көгалда доп тепсе қалай болар еді? Айтпақшы, ол да әрдайым суарылмайды. Месси ол жерде рахаттана ойнар ма еді, қалай ойлайсыз?! Бұған ешкім мән бермесе де, мен тағы қайталаймын – біздің чемпионат - ерекше чемпионат», - деді Дзюба.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или