«Ливерпуль» капитаны ағылшын журналистері нұсқасы бойынша АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

 «Ливерпуль» капитаны ағылшын журналистері нұсқасы бойынша АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

Англия футбол журналистері қауымдастығы Премьер-лиганың үздік футболшысын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл атаққа «Ливерпуль» капитаны Джордан Хендерсон ие болды, ол өз командасын чемпиондыққа бастап келді. Еске салайық, мерсисайдтықтар соңғы 30 жылда алғаш рет чемпион атады.

30 жастағы жартылай қорғаушы дауыс беру нәтижесінде Кевин Де Брюйне, Маркус Рэшфорд, Вирджил ван Дейк және Садио Манені жеңді.

Хендерсон биылғы маусымда Премьер-лигада 30 матч өткізіп, 4 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или