РПЛ: Зайнутдинов - «Ростовтың» үздік сұрмергендерінің бірі
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтың» Ресей Премьер лигасындағы үздік сұрмергендерінің бірі атанды, деп жазады Prosports.kz.
РПЛ-де 17 матчқа қатысып, 4 гол соққан қазақстандық футболшы командаластары арасында 6-орынға жайғасты.
«Ростовтың» үздік сұрмергендері - өзбекстандық Эльдар Шомуродов (25 матчта 11 гол), Алексей Ионов (19 матчта алты гол), Роман Еременко (19 матчта бес гол), Ивелин Попов (25 матчта бес гол) және Хорен Байрамян (26 ойында төрт гол).
Айта кетейік, «Ростов» РПЛ-дің биылғы маусымын бесінші орынмен аяқтады. Келесі маусымда клуб Еуропа Лигасына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или